Қазақстан президенті әлеуметтік желіден жеке парақшасын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті әлеуметтік желіден жеке парақшасын ашты

Қазақстан президенті әлеуметтік желіден жеке парақшасын ашты

Енді мемлекет басшысы инстаграм желісінде де жаңалықтармен бөлісіп отырады.

  • 2 Сәуiр 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграм желісінен ресми парақша ашты. Бұл туралы фейсбукте мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы инстаграмдағы ресми парақшасында алғашқы жазбасын жариялап та үлгерген.

"Жақында өңір әкімдерін жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни, халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым", — деп жазды Тоқаев Instagram-да.

Берік Уәли соңғы уақытта Instagram желісінде президенттің атынан ашылған парақшалар көбейіп кеткенін, бірақ олардың ешқайсысы да ресми емес екенін атап өтті.

"Бұдан былай ресми парақша біреу, оның мекенжайы @tokayev_online", — деп жазды ол.

 

Соңғы жаңалықтар