Қазақстан президенті Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталықтың іргетасын қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталықтың іргетасын қалады

Қазақстан президенті Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталықтың іргетасын қалады

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сирия Араб Республикасына жасаған бірінші мемлекеттік сапары аясында Дамаск қаласында Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталықтың іргетасын қалау және Әз-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеу жұмыстарының тұсаукесері рәсімдеріне қатысты, деп хабарладйы агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2007
  • 1255
Фото - Caravan.kz

«Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен салынатын Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық пен Бейбарыс Сұлтанның кесенесі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы шетелдік мемлекет аумағында республиканың қаржысына бой көтеретін бірінші ірі нысандар болмақ», -делінген президент баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Қаржы көлемі 4,6 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл жобалардың бас мердігері — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазреставрация» РМК болып табылады, бұл мекеме аталған нысандардағы жұмыстар толық аяқталғанға дейін бақылу функциясын атқарады», — деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Абу Насыр әл -Фараби (IX — X ғасырлар) Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында туған және өмірінің бір бөлігін Дамаск қаласында өткізді. Танымал философ Аристотель мен Платон шығармаларына түсініктеме берген. Оның еңбектері Ибн Сина мен Ибн Рушд ғұламаларға да, сондай-ақ, орта ғасырлық Батыс Еуропаның философиясы мен ғылымына өз ықпалын тигізді.

Бейбарыс Сұлтан Египет пен Сирияны XIII ғасырда биледі және мамлюктер мемлекеттінің ең қуатты сұлтаны саналды. Ол қазір Қазақстан құрамына енетін облыста дүниеге келген.

Н. Назарбаев сонымен бірге Омейядтар мешітінде болып, Салахиддин кесенесін аралап көрді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті