Қазақстан президенті Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің тұңғыш құрылтайының жұмысын қорытты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Бүкіләлемдік және дәстүрлі  діндер жетекшілерінің тұңғыш құрылтайының жұмысын қорытты

Қазақстан президенті Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің тұңғыш құрылтайының жұмысын қорытты

"Бас қосуға бөлінген күндер де қас -қағымда өте шықты. Бірақ бұл күндер жанға жағымды әрі жемісті болды",- деді 24-қыркүйекте Астанада Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің тұңғыш құрылтайының жабылуында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. "Сіз бен біз бірлесіп өзара келісімді нығайтуға, өркениеттер, конфессиялар, мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара үнқатысу тәжірибесін қалыптастыруға тағы бір айрықша маңызды қадам жасадық",- деді Н.Назарбаев құрылтайға қатысушыларға.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 598
Фото - Caravan.kz

Елбасының айтуынша, бұл форум барлық конфессиялардың діни сенім-наным арқылы өзара төзім мен түсіністікті, келісім мен адамсүйгіштікті дәріптейтіндігін тағы бір дәлелдеп берді. «Бұл — бүкіләлемдік дәстүрлі діни нанымдар сан алуан халықтар мен өркениеттер арасындағы диалогта өзара жалғастырушы көпір деген баршаға ортақ пікірді дәлелдей түседі»,- деді Елбасы. ҚР президенті сондай-ақ, » әртүрлі діндердің сан ғасырға созылған бай тарихы барысында жинақталған жасампаз тәжірибені пайдаланудың» маңызын атап көрсетті.

Н.Назарбаевтың пайымдауынша, қазір дүниежүзінде белсенді дін жетекшілері мен қарапайым тақуалардың ортақ арман-мұратын тұрақты негізде басқаларға жалғастырып жүзеге асыратын халықаралық конфессияаралық ұйымның қажеттігі туындап отыр. «Бұл функцияны Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайы атқара алар еді»,- деп қорытты Н.Назарбаев.
Елбасы «дін үшін деп жасалатын экстремизм, сепаратизм, терроризм секілді зорлық-зомбылық түрлері ақиқи дін ұғымымен мүлдем қабыспайтын , адамзат дүниесі үшін қатерлі құбылыстар» деген форумға қатысушылардың пікірі бір жерден шыққанын ерекше атап өтті. Құрылтайға қатысушылар сондай-ақ, дінаралық үнқатысу — қоғамды дамыту мен халықтардың әл-ауқатын жақсартудың маңызды бір тетігі екенін мойындады. Құрылтайға қатысушылар дүниежүзіндегі бейбітшілікті баянды ету, адамзаттың ілгерілеушілігін қамтамасыз ету , қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға қолдан келген бар күш-жігерін жұмсауға әзірлік танытты.
«Егер біз құрылтай аясында өрбіген әңгімелердің түйінін, оның мәні мен маңызын әр елдердің азаматтарына, құдай үйіне келген қауымның назарына жеткізіп, санасына сіңіре алсақ, соның өзі бейбітшілік пен келісімнің игілігі үшін жасалған үлкен үлес болмақ»,- деді Н.Назарбаев.