Қазақстан Президенті Д.Кэмеронды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
![]() |
Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. |
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін бергенін айтты. Елбасы сондай-ақ келіссөздер барысында Қазақстан үкіметінің мүшелері британ тарапымен маңызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін соңғы өткен парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және жаңа үкімет құрамын жасақтауымен құттықтады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін