Қазақстан президенті ел футболын өз қамқорлығына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті ел футболын өз қамқорлығына алды

Қазақстан президенті ел футболын өз қамқорлығына алды

Бүгін, 12-тамызда Қазақстан футбол одағының президенті Рахат Әлиевтің төрағалық етуімен Одақ атқару комитетінің отырысы өтті. Отырыстың басты нәтижесі ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан футбол одағының құрметті төрағасы болуға келісімін беріп, №1 спорт атанған бұл салаға үлкен ілтипат көрсетуін атауға болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан футбол одағынан хабарлады.

  • 12 Тамыз 2004
  • 494
Фото - Caravan.kz

Қазақстан футбол одағы іс-қызметінің басым бағыттары ретінде Елбасы балалар мен жастар футболын дамыту, стадиондар мен футбол алаңдарын салу, республикамыздағы футбол инфрақұрылымын дамытып, оны УЕФА (Футбол қауымдастықтарының Еуропалық одағы) стандарттарына сәйкестендіруді атады.

Атқару комитетінің отырысында сондай-ақ, ұлттық құраманы 2006-жылғы әлем біріншілігінің іріктеу сайыстарына дайындау мәселесі қаралды.
Бұған қоса, 2004-жылдың 14-15-қыркүйегінде Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттердің елімізге ресми сапармен келетіндігі жария етілді.

Соңғы жаңалықтар