Қазақстан президенті еліміз тұрғындарының 64,8 процентінің сеніміне ие - әлеуметтік сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті еліміз тұрғындарының 64,8 процентінің сеніміне ие - әлеуметтік сауалнама

Қазақстан президенті еліміз тұрғындарының 64,8 процентінің сеніміне ие - әлеуметтік сауалнама

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың 64,8 процентінің сеніміне ие. Қараша айының орта шенінде "Циркон" зерттеушілер тобы жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысы осындай нәтиже көрсетті деп хабарлайды "Regnum" ақпараттық агенттігі.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 562
Фото - Caravan.kz

Зерттеуші топ халық сеніміне ие болған еліміздегі ең танымал адамдарды атауды өтінген. Сауалнамаға қатысушылардың 64,8 проценті ел президенті Н.Назарбаевқа сенетіндіктерін мәлімдеген.

Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының бұлтарыссыз сеніміне ие болған ең танымал үштіктің қатарында ҚР мемлекеттік хатшысы И.Тасмағамбетов (6,8 процент) пен «Асар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дариға Назарбаева бар. Респонденттердің 22,2 проценті нақты таңдауларын білдіре алмаған.
«Циркон» мәліметтеріне сәйкес, сауалнамаға еліміздің түрлі елді мекендері мен қалаларынан 1800 адам қатысқан көрінеді.

Соңғы жаңалықтар