Қазақстан президенті ертең экономиканы тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік шараларды жария етеді
Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ертең экономиканы тұрақтандыру жөніндегі мемлектетік шараларды жария етеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қазақстан президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Мен ертең экономиканы тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік шараларды жария етемін, олардың бәрі де шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталатынын естіп білетін боласыздар", - деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін