Қазақстан Президенті Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инге көңіл айту жеделхатын жолдады.

  • 4 Маусым 2019
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және Дунай өзеніндегі кеме апаты салдарынан жақындарынан айрылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл достас Корея Республикасы халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарын сабырға шақырып, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.