«Сирия барлық салалар бойынша, соның ішінде экономика, әлеуметтік қарым-қатынас, мәдени ықпалдастық пен саяси мәселелер бойынша Қазақстанмен етене жақын әріптестік байланыстар орнатудан ниетті», — деді Сирия СІМ Қазақстан президентімен кездесуден кейін өткен брифингте.
«Біз іс жүзінде осындай қарым-қатынастар орнату үшін және өзара қарым-қатынасқа берік негіз қалау үшін таяу уақыттарға межеленген Қазақстан президентінің сапарын тағатсыздана күтіп отырмыз», — деді ол.
«Біздің арамыздағы сұхбаттың конструктивті ауанда өткенін қанағаттана айта аламын. Өйткені, көптеген мәселелер бойынша Қазақстан мен Сирияның ұстанымы өте ұқсас», — деді министр. «Мен сонымен қатар Сирияның Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік дамуға жоғары баға беретіндігін әңгімелеп бердім. Және біз бауырлас Қазақстанға одан әрі сәттілік пен табыс тілейміз», — деп қорытты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті