"Сіздерге бір өтінішім бар, парламенттік каникулдың мерзімін қысқарту мүмкіндігін қарастырсаңыздар", деді президент Астанада сейсенбіде 5-ші шақырылымдағы IV парламенттік сессияның ашылуы кезінде.
"21-ғасырдың талабына орай мемлекеттік биліктің бүкіл институттары белсенді түрде синхронды жұмыс істеуге тиіс".
Бәріміз, мен, үкімет, президент әкімшілігі, атқарушы органдар күнделікті үдемелі режимде жұмыс істейміз, деді Н.Назарбаев.