Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емханаға барды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емханаға барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емханаға барды

Мемлекет басшысы қазіргі таңда жұмыс сапарымен Ақтау қаласында жүр.

  • 12 Сәуiр 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Мекеменің жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы емдеу және күндізгі стационар кабинеттерін және емхананың жедел медициналық жәрдем станциясын аралап көрді, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Емделушілерді арнайы көпсалалы дайындықтан өткен тәжірибелі дәрігерлер қабылдайды. Бұл барлық санаттағы тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, емханада тұрғындарды ақпараттық қолдау жүйесі жұмыс істейді. Соның ішінде тәулік бойы қызмет көрсететін call-орталық, сенім телефоны және емхананың веб-сайты бар.


Соңғы жаңалықтар