Жарияланды: 490

Қазақстан президенті "Қазына" ТДҚ мен мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингін біріктіру туралы жарлыққа қол қойды (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Қазына" ТДҚ мен мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингін біріктіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазына" ТДҚ мен мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі ұлттық әл-ауқат қоры болып біріктіріледі. Оның директорлары кеңесін үкімет басшысы басқарады, деді президент. "Ол дағдарысты еңсеру мәселелері жөніндегі Қазақстанның үкіметтік бағдарламасының түпқазығына айналады. Жаңа құрылымның капиталын құруға $5 млрд жұмсалады", -деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде "Қазына" қорының бұрынғы басшысы Арман Дунаев журналистерге берген сұхбатында жаңа құрылымның капиталына деп бөлінген $5 млрд көлеміндегі қаржының бір бөлігі "экономика мен қаржылық секторды тұрақтандыруға байланысты бағдарламаларға, ал тағы бір бөлігі электр қуаты мен химия саласын дамыту жөнінде президент берген тапсырманы жүзеге асыруға жұмсалады". "Біріккен холдингтің мүмкіндіктері, сөзсіз , арта түсті, олай дейтініміз, инвесторлар мүддесі тұрғысынан активтер көп болған сайын капитал да көп, демек, құрылым да тұрақты деген сөз", - деді А. Дунаев. "Бірақ, аталған жағдайда бұл таза қаржылық институт болады деп айту теріс, өйткені, қаржылық және өндірістік активтер біріктірілді. Осы тұрғыдан бұл дәстүрлі қарапайым бірігу емес, бәрі жақсы аяқталады деп ойлаймын", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін