Қазақстан президенті ресми сапармен Словакияға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті ресми сапармен  Словакияға барады

Қазақстан президенті ресми сапармен Словакияға барады

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21-қарашада ресми сапармен Словакияға барады, деп хабарлайды агенттік ҚР Индустрия және сауда министрлігіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2007
  • 353
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, мемлекет басшысының Братиславаға ресми сапары аясында қазақстандық және словакиялық іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. «Форум шеңберінде ауылшаруашылығы, машина жасау, автокөлік жасау және транспорт, атом және жел энергетикасы, жеңіл өнеркәсіп, туризм, денсаулық сақтау және құрылыс саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланбақшы», — делінген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті