Қазақстан президенті Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапармен аттанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті  Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапармен аттанып кетті

Қазақстан президенті Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапармен аттанып кетті

Астана. 5 қараша. Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапармен аттанып кетті. Бұл туралы агенттікке ҚР президентінің әкімшілігінен хабарлады.

  • 5 Қараша 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Елбасының Сирия президенті Башар Асадпен, вице-президенті Фарук Шараамен және премьер-министрі Наджиб аль-Утримен жоспарланған келіссөздері барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылады.

Сондай-ақ сапар аясында ғұлама әл-Фараби зиратының басында тарихи-мәдени орталық пен кесене салу жобасының іргетасын қалау, Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қайта қалыпқа келтіру жобасының тұсаукесер рәсімдері өтеді. Аталған жобаларға Қазақстан үкіметі қаржылық қолдау көрсетіп, 4,6 млн.АҚШ долларын бөліп отыр.

Сонымен қатар сапар барысында басқа да екі жақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті