Жарияланды: 920

Қазақстан президенті Тараз металлургиялық зауытының жұмысымен танысты

Тараз. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тараз металлургиялық зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Зауыт өнімдері қойылған қатарларды аралап шыққан президент зауыт жұмысына оң баға берді. Ол сонымен бірге зауытты қайта құру және жобалық қуақтқа қол жеткізу бағытында қыруар жұмыстар тындырылғанын атап өтті", - деді Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Санжар Тілепов. Орталық Азиялық инвестициялық консалтингтік компаниясы директорлары кеңесінің төрағасы Қайрат Сатылғановтың агенттік тілшісіне түсіндіруінше, бұл жерде бұған дейін "Химпром-2030" ЖШС болған, қазір ол жаңа өндіріске бетбұрды. "Бұрын зауыт фосфор өнімдерін өндірсе, бүгін онда болат өндірісіне қажетті металлургиялық өнім шығарылады", - деді ол. Бұл серіктестіктің иесі - Алматы қаласындағы "Орталық Азиялық инвестициялық консалтингтік компаниясы" болып табылады. Зауытың бас директоры, басқарма төрағасы - Болат Аманжолұлы Святов. Бұл бұрынғы "Химпром - 2030" химия зауыты негізінде ферроқорытқа өнімдерін өндіретін "Тараз металлургия зауыты" болып қайта ашылып, қосымша құны жоғары һәм экспортқа бағытталған жаңа өнімдерді шығару мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыра бастады. Бұл жоба "Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде шикізаттық емес "екпінді" инфроқұрылымдық инвестициялық жобаларды іске асыру жағынан аса маңыздылығымен ерекшеленеді. "Химпром - 2030" ЖШС-ін қайта жабдықтау бағдарламасы негізінен ферроқорытпа өнімдерін өндіруге, болат балқыту өндірісін, электрокальцийлендірілген антрацит блоктар мен анод массаларды шығаруды ұйымдастыруға, сөйтіп облыстағы бірден-бір жаңа сала-металлургия өнімдерін шығаруға жағдай жасады. Жобаның құны 127,8 млн. АҚШ долларын құрайды. Үстіміздегі жылдың 1 қазаңына дейін мұнда құйылған жалпы инвестицияның көлемі 4 млрд. 824,0 млн. теңге болып отыр. Ферроқорытпа өндірісінің жобалық қуаты жылына 100 мың тонна өнім өндіру. Қазіргі кезде мұнда РКЗ - 48, ФМ № 5 және № 6 кен балқыту пештерін жабдықтау жұмыстары аяқталды. Олар 14 мВт қуаттылықта жұмыс істеген жағдайда әр пештің өнімділігі айына 1200 тонна дайын өнім (ферросиликомарганец) шығаруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа әрқайсысы ай сайын 2700 тонна өнім шығаратын екі РКО-25мВА кен балқыту пешінің құрылысы жүргізілуде. Ферроқорытпа өндірісі 2009 жылы өзінің толық жобалық қуаты (жылына 100 мың тонна) деңгейіне жететін болады. Жобалық қуаты жылына 18 мың тонна электрокальцийлендірілген антрацит өндіруге арналған цех 2007 жылдың шілде айында іске қосылды. 2007 жылы 1020,8 млн. теңгенің (4,1 есе) үстіміздегі жылдың 9 айында - 1650,5 млн. теңгенің (3,8 есе) өнімі өндірілді. Өткен жылы бюджетке 370,4 млн. теңге аударылды. 2008 жылдың 1 қазаңында мұнда 1450 адама жұмыс істеп, олардың орташа еңбекақысы - 37 мың 931 теңгеден айналды. Кәсіпорында кеңейту, қалпына келтіру және жаңа нысандар салу есебінен 2008 жылдың аяғына дейін тағы да қосымша 108 жұмыс орны, ал 2009-2010 жылдары - 216 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін