Қазақстан қаржылық дағдарыстың зардаптарын еңсеру мүмкіндіктерін талқылау үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері өкілдерінің кездесуін өткізуді ұсынады
Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қаржылық дағдарыстың зардаптарын еңсеру мүмкіндіктерін талқылау үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің орталық банктерінің жетекшілері мен қаржы министрлерінің кездесуін өткізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Әлемдік қаржы дағдарысының салқынын қандайбір деңгейде әр мемлекет сезінеді. Осыған байланысты біз таяу уақыттарда Алматы қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің орталық банктерінің жетекшілері мен қаржы министрлерінің кездесуін өткізуді ұсынамыз. Оның барысында ШЫҰ өңіріндегі қаржы нарығындағы ахуалды талдап, пікір алмасып, қалыптасқан ахуалдан сабақ алып, тиісті тұжырым жасауға болар еді", -деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін