Қазақстан қоғамын демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі тұрақты кеңеске қатысушылар соттарды мейлінше мамандандыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қоғамын демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі тұрақты кеңеске қатысушылар соттарды мейлінше  мамандандыруды ұсынады

Қазақстан қоғамын демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі тұрақты кеңеске қатысушылар соттарды мейлінше мамандандыруды ұсынады

Қазақстан қоғамын демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі тұрақты кеңеске қатысушылар соттарды мейлінше мамандандыруды ұсынады. Тұрақты кеңестің бүгінгі отырысында сот жүйесі мен судьялар мәртебесін жетілдіруге қатысты ұсыныс-нұсқаулар қаралды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2004
  • 827
Фото - Caravan.kz

Тұрақты кеңес нұсқауларының жобасына сот процесіне қосшы заседательдерді қатыстыру, қылмыстық құқық саласын одан әрі ізгіліктендіру, сондай-ақ, орташа ауыр қылмыстарды криминалдық аядан шығару, қылмыстық тергеу мекемелерінің процессуалдық әрекеттеріне сот тарапынан қойылатын бақылауды күшейту, соның ішінде күдіктіні қамауға алуға сот санкциясын алу үрдісін қолданысқа енгізу жөніндегі ұсыныстар енді. Сондай-ақ, тұрақты кеңеске қатысушылар соттарды қылмыстық іске қатысты дәлелдер жинау міндетінен босатуды ұсынады. Осыған байланысты сот процессіне қатысушы тараптардың қорғаушыларына тиісті әділеттілік орнату сатыларының бәріне бірдей қол жеткізуге мүмкіндік беретін нақты тетікпен қамтамасыз ету қажет деп саналуда.

Сондай-ақ, тұрақты кеңеске қатысушылар третей соттарының іс-қызметін реттейтін заңнамалық актілерді қабылдауды тездетуді ұсынады. Мамандармен қамтамасыз ету саясатында тамыр-танысқа тарту үрдісіне жол бермеу үшін облыстық және оған теңестірілген соттардың, Жоғарғы сот алқасы мен оның төрағасы және судьялары қызметіне, жалпы барлық деңгейдегі судья лауазымдарына байқау негізінде төреші тағайындауды жолға қою ұсынылып отыр.
Қазақстан қоғамын демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі тұрақты кеңес төрағасы Бауыржан Мұхамеджанов баспасөз өкілдеріне арналған қысқаша баспасөз мәслихатында Қазақстанда «сот жүйесін жетілдіру бағытында көп нәрсе тындырылды» деп атап көрсетті. Тұрақты кеңеске қатысушы кейбір сарапшылардың арбитраждық соттарды қайтадан жандандыру туралы пікіріне қатысты түсініктеме берген Б.Мұхамеджанов : «әділеттілікке қол жеткізудің біртұтас жүйесі — еліміздің бір жетістігі болмақ»,- деді. «Қазір бізге екі басты сот жүйесін құру туралы ұсыныс жасалып отыр: оның бір басы -Жоғарғы сот, екінші басы — Арбитраждық сот болады, Жоғарғы сот жалпы юрисдикциялық істерді қараса, екіншісі таза шаруашылық дауларды реттейді деп күтілуде»,- деді тұрақты кеңес төрағасы. Б.Мұхамеджановтың пайымдауынша, соттарды одан әрі мамандандыру жұмысын жалғастыра берген жөн.
Бұл пікірді президент әкімшілігі төрағасының орынбасары Игорь Рогов та қолдады. Ол мамандандырылған соттарды дайындау жұмыстарын күшейтіп, экономикалық және әкімшілік соттардың саны мен ролін арттыру жұмысын одан әрі жалғастыру дұрыс деген сенімде. И.Роговтың атап көрсетуінше, «соттарды мамандандыру жұмысы қазіргі таңда соттардың өзінде жүргізіліп жатыр», мәселен, кейбір судьялар тек отбасылық немесе кәмелекеттік жасқа жетпегендердің ісіне қатысты істерді ғана қараса, кейбір судьялар тек экономикалық істермен ғана айналысады. И.Роговтың пікірінше, бұл бағыттағы жұмыстар да жалғасын табуы тиіс.
Кеңес отырысына қатысқан «Асар» партиясы төрайымының орынбасары Сергей Киселев нұсқаулар жобасына «қылмыстық істерге қатысты тергеу жұмыстарының сапасына назар аудару қажеттігі туралы» ұсыныстар енгізуге шақырды. С.Киселевтің айтуынша, Қазақстанда қосшы заседательдер сотының қолданысқа енгізілуіне байланысты аталмыш мәселенің өзектілігі тіптен арта түсті. Оның айтуынша, мұндай соттар «кәсібиліктен гөрі жеке бағалауға, эмоцияға негізделген сот» болмақ, ал «присяжныйлар — кәсіпқой судьяларға жатпайды». Ресейлік әріптестердің тәжірибесіне жүгінсек, «тергеу сапасының төмендігіне байланысты присяжныйлар соты көбінесе нағыз қылмыскерлерді босатып жібереді». С.Киселевтің айтуынша, Қазақстандағы тергеу сапасына қатысты проблема қазір үлкен сынға ұшырап отыр.

Соңғы жаңалықтар