Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 137,84 теңгені құрады
12-сәуір - дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,16 теңгеге қымбаттап , бір долларға шаққанда 137,84 теңгені құрады. Бүгін, дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 13,000 млн. долларды құрады. Ал жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 31,735 миллион долларды құраған болатын. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін