Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 146,38 теңгені құрады
16-шілде-сәрсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,05 теңгеге қымбаттап , бір долларға шаққанда 146,38 теңгені құрады. Сәрсенбіде АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 9,305 миллион долларды құрады. Ал сейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 12,295 млн. долларды құраған болатын. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін