Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 148,59 теңгені құрады
2-қазан -бейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сәрсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,01 теңгеге арзандап , бір долларға шаққанда 148,59 теңгені құрады. Бейсенбіде АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 10,770 миллион долларды құрады. Ал сәрсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 4,180 млн. долларды құраған болатын. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін