Жарияланды: 570

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 148,97 теңгені құрады

30-қыркүйек- сейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы дүйсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,04 теңгеге арзандап , бір долларға шаққанда 148,97 теңгені құрады. Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 17,820 миллион долларды құрады. Ал дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 20,385 млн. долларды құраған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін