Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 149 теңге 67 тиынды құрады
4-маусым сәрсенбі күнгі жағдаймен Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 149 теңге 67 тиынды құрап, 3-маусымдағымен салыстырғанда доллар бағамы 0,12 тиынға арзандады. ҚР Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам 150,50 теңгені құрайды. АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда -саттық ауқымы 9,670 миллион долларды құрады. Ал сейсенбіде бұл көрсеткіш 85,955 миллион долларға жеткен болатын. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін