Бұл туралы жұма күні министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, 27-наурызға қараған түні МН-300 метеорологиялық зымыраны Батыс Қазақстан облысы Шұңғай елді мекенінің оңтүстік-шығысына құлаған. Зымыран 2014 жылғы сынақ жоспарына сәйкес «Капустин Яр» полигонынан ұшырылған болатын.
«Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сынақ барысында қозғалтқыш істен шығып, зымыран полигон аумағына жетпей құлаған. Адамдар дін-аман, нысандар зақымданып, экологиялық залал келтірілген жоқ», — делінген хабарламада.