Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында ауыр атлет Рүстем Сыбай күміс жүлдені еншіледі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
94 келіде өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет қоссайыстың нәтижесі бойынша 383 келіні (170+212) еңсеріп, жарысты екінші орынмен аяқтады. 383 келіні бағындырған (168+215) ресейлік спортшы Егор Климонов Рүстемнің алдын орап қана қоймай, Универсиада рекордын жаңартты. Ал қола жүлдені тайландтық Сарат Сумпрадит 381 келімен (167+214) жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, Тайбэйде өтіп жатқан Универсиада ойындарында Альберт Линдер, Айдар Қазов және Денис Уланов сынды қазақстандық ауыр атлеттер чемпион атанған болатын.