Жарияланды: 540

Қазақстан, Қырғызстан, Латвия және Ресейдің 4 коммерциялық банкі жаңа банк альянсын құруды жоспарлап отыр

Қазақстан, Қырғызстан, Латвия және Ресейдің 4 коммерциялық банкі жаңа банк альянсын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 17-қыркүйекте Алматыда басталған ТМД және Балтық елдері банктерінің 4-ші конференциясының жалпы отырысында Қазақстан Темірбанкі басқармаларының төрағасы Олег Кононенко хабарлады.

Оның айтуынша, конференция аясында Ресейдің "Диалог-Оптим", Қырғызстанның "Инэксимбанк", Қазақстанның "Темірбанкі" және Латвияның "Траста Комерцбанка" атты банктері арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде. Жаңа одақтың мақсаты- Достастықққа мүше әрбір банктің жеке бағдарламалары мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда өзара мейлінше қолайлы жағдай жасау, халықаралық және ТМД қаржы рыногінде стратегиялық әріптестікті нығайту, өзара қызмет көрсету аясын кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өзара жаңа банк технологияларын қолданысқа енгізуге жағдай жасау, банктің тәуекелділік деңгейін төмендету тетіктерін жасау болып табылады. Бұл келісім Одаққа мүше-банктер арасындағы болашақ ынтымақтастыққа негіз болмақ. Құжат Одаққа қатысушы банктердің Ұлттық заңдарындағы ерекшеліктерді ескере отырып өзара бірлескен сауда-саттық жұмыстарын жүзеге асыруда жауапкершілік пен қауіп-қатерді тең бөлісу принциптерін мағлұмдайды. Өзара ынтымақтастық және ниеттестік жөніндегі жоғарыда аталған келісіммен бірге Одаққа қатысушы банктер бұдан басқа да бірқатар құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл құжаттар банктер капиталында өзара үлес иемдену құрылымдарын дүниеге әкелумен бірге жаңадан құрылған альянсқа мүше банктердің рыноктағы өзара ықпалдастығының заңдық негізін қалайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть