Қазақстан Қырғызстанға ЕАЭО-ға бейімделуі үшін көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстанға ЕАЭО-ға бейімделуі үшін көмектеседі

Қазақстан Қырғызстанға ЕАЭО-ға бейімделуі үшін көмектеседі

Қазақстан Қырғызстанға Еуразиялық экономикалық одақ жағдайына бейімделуі үшін Қырғызстанға қаржылай қолдау көрсетеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

  • 14 Сәуiр 2017
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Қырғыз экономикасының ЕАЭО жағдайына бейімделуі үшін қаржылай көмек көрсету шешімі қабылданды. Құжаттар ратификациялауға берілді», — деп хабарлады Бішкекте ЖЕЭК кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президенті Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан көрші елге көмек көрсетуге үнемі әзір екенін атап өтті және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерді бір-бірін қолдауға шақырды.  

«Қазіргі экономиканың ауыр кезеңінде бір-бірімізге өзара көмек көрсетуіміз қажет. Сонымен, біздің еліміз жағынан көрші  Қырғызстанға көмектесу үшін нақты шаралар қабылданды: Қазақстан арқылы транзитпен қырғыз жүктерін тасымалдау кезінде ішкі темір жол тарифтері ұсынылды. Бұл біздің  әріптестерімізге 60 миллион доллар үнемдеуге мүмкіндік берді», — деп қосты Н. Назарбаев.

Еске салсақ, Бішкекте «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғызстанның төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтуде. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей, сондай-ақ  ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет болған Молдова президенттері келді.


 

Соңғы жаңалықтар