Жарияланды: 20

Қазақстан Қытай азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режимді алып тастады

Қазақстан Қытай азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режимді алып тастады

Қазақстан 1 шілдеге дейін транзиттік жолаушылар үшін 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен  бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын", - делінген премьер-министрдің сайтының хабарламасында

Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, 2018 жылғы сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз кіру режимі жұмыс істейді.

72 сағаттық визасыз режимді қолдана отырып, Қытай мен Үндістан азаматтарын әуежайда шекара қызметі тіркеді, оларға шекарадан өткен уақытты көрсететін көші-қон карталары берілді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін