"Қазақстан - Қытай" газ құбырының бірінші кезегі салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан - Қытай" газ құбырының бірінші кезегі салына бастады

"Қазақстан - Қытай" газ құбырының бірінші кезегі салына бастады

Шымкент. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -"Қазақстан - Қытай" газ құбырының бірінші кезегі салына бастады. Бұл туралы бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мәжит Тұрмағамбетов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 503
Фото - Caravan.kz

«Газ құбырының құрылысын жасайтын «Азиялық газқұбыры»компаниясының өкілдері «Қазақстан — Қытай» газ құбырының бірінші кезегінің құрылысына жер бөлу мәселесін шешу үшін Оңтүстік Қазақстанға келді «- деді М. Тұрмағамбетов.

«Бұл құрылыс жұмыстарының тұсаукесері емес, бірақ құбыр желісінің бірінші тармағын салу жұмыстары басталайын деп жатыр», — деп түсіндірді әкімнің орынбасары.

Тұрмағамбетов атап өткеніндей «Қазақстан — Қытай» газ құбыры магистралінің құрылыстары екі кезеңмен өткізілетін болады».

Бірінші кезең бойынша газ құбыры Кереит — Алматы — Хоргос бағытындағы қазақстан-өзбекстан шекарасына дейінгі жер учаскесі бойынша салынады. Құбыр (жылына 30 млрд текше метр газ) 2011 жылдың екінші жартысында тапсырылатын болады.

Екінші кезек бойынша құбыр Бейнеу компрессорлық станциядан Сексеуіл-Кереит ауылдарына дейін тартылып, 2015 жылы пайдалануға тапсырылады.

«Бастапқы кезде біз газ құбыры құрылысын толық аяқтағаннан соң газды жеткіземіз деп көздегенбіз, кейін жоспарды өзгертіп, газ құбырының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін ОҚО көгілдір отынға қол жеткізетін болды «, -деді М. Тұрмағамбетов. Газ құбыры ОҚО 27 елді мекені арқылы өткізілетін болады, бұл облысты газбен қамтамасыз ету мүмкіндігін ұлғайтады.

ЮҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні облыс тұрғындарының 36 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілсе, 39 пайызы сұйытылған көгілдір отынды қолдануда. Ал халықтың 25 пайызы көмір және басқа да отындарды пайдалануда.

ОҚО өткен жылы 730 млн текше метр газ тұтынылса, 2008 жылы газды пайдалану көлемі 868 млн текше метрге жетеді деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті