"2013 жылғы қарашада ҚХР-мен шекаралас өңірлерде «Бекет» жедел-алдын алу шаралары басталды, нәтижесінде уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) ҚХР-дан әкелінген тауарлар бойынша бір көліктен алынатын орташа төлемді 7,5 млн. теңгеге жеткізді.
УЭО мәртебесі жоқ сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары бойынша орташа төлемнің ұқсас сомасы да 2,3 млн. теңгеден 3,3 млн. теңгеге дейін көтерілді. Бүгінде Қытайдан импортталатын тауарлар көлемінің 50 пайыздан астамы УЭО-ға келеді.
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Амрин атап өткендей, мұндай нәтижеге СЭҚ қатысушыларының біршама бөлігі «көлеңкеден шығып», заңдастырылғандықтың арқасында қол жеткізілді.