Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ҚХР Мемлекеттік азық-түлік басқармасы бастығының орынбасары Цзэн Лиин ханыммен кездесті.

  • 1 Маусым 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы астық секторындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Соның ішінде, Қазақстаннан ҚХР-ға импортталатын астықтың квотасын 2019 жылы 500 мың тоннаға дейін және 2020 жылы 1 млн. тоннаға дейін ұлғайту мәселесін талқылады.

Бұған қоса, қазақстандық тарапқа қытайдың ішкі астық нарығының басқа қатысушылары арасында квота бөлу ұсынылды.

Қазіргі уақытта квоталанған астықтың 95% «COFCO» мемлекеттік компаниясы таратады.

Айта кетейік, State Administration of Grain (SAG) астық секторына жауапты Қытайдың әкімшілік мемлекеттік мекемесі. SAG ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық секторын дамытуға жәрдемдесу, астықты макро-реттеуді жүзеге асыру, орталық астық қорын басқару және халықаралық ынтымақтастық пен алмасуды жүзеге асырумен айналысады.


Соңғы жаңалықтар