Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мамырдың 24 мен 26 аралығында Қазақстаннан теміржолмен қайырымдылық көмек жүгі тиелген 19 вагон жөнелтілді. Жүк Ганьсу провинциясының Тяньшуй станциясына ресми түрде 30 мамыр мен 3 маусым аралығында жеткізіледі.
Қайырымдылық көмек жүгінде төсек жабдықтары, 40 орынды қысқы шатырлар, киімдер, ет консервілері мен медициналық «трамадол» препараты бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті