"Қазақстан Ресейге әскери көмек жіберді ме?": Қазақстан ұшағы туралы украиндар таратқан ақпарат қаншалықты рас - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Ресейге әскери көмек жіберді ме?": Қазақстан ұшағы туралы украиндар таратқан ақпарат қаншалықты рас

"Қазақстан Ресейге әскери көмек жіберді ме?": Қазақстан ұшағы туралы украиндар таратқан ақпарат қаншалықты рас

Әлеуметтік желіде Қазақстан ұшағының Украина жерінде пайда болғаны жөнінде ақпарат пайда болған. Көпшілікте біздің ел әскер жіберді ме деген күдік туындаған. Дегенмен мәліметтің қаншалықты шындықты жанасатыны белгісіз. 

  • 4 Наурыз 2022
  • 257
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

— Қазақстан Ресейге әскери көмек жіберді ме?, деп жазды Ержан Әбдіраман фейсбук желісіндегі парақшасында. 

"Украиндар жіберді деп жатыр. Ресей әскерінің орналасуы туралы спутниктік ақпарат жинаумен айналысатын еріктілер командасы Twitter-де жариялаған мәлімет. Рейс нөмірі — RSB7606.
Жазбаны украин тілінен гугл арқылы аударып көруге болады.
Қазақстан өкіметі бұл ақпаратқа қатысты түсіндірме беруі керек қалай ойлайсыздар?, деп жазды. 

Аталған постың астына Манас Қайыртайұлы:  "Әскери-транспорттық ұшақ дегенге кішігірім фактчек. RSB7606 рейс нөмірімен ұшқан ұшақтың борт нөмірі EW-567TH. Бұл ИЛ-76 ұшағы әскери-транспорттық ұшақ емес. "РубиСтар" деген әуе жүк тасымалымен айналысатын компанияға тіркелген. Radarbox сайтының дерегі бойынша осылай" деп пікір қалдырды.

 "Мына ақпар рас болса масқара-ғой.Қазақстанды бүкіл елге, қарабет етіп таныту! Берік Уәли 1-ші қолбасшы ретінде, президент жауап берер деген үміттемін. Болмаса, 6-март күні алаңға шығу керек!", "Еріктілер, (өкімет емес) гуманитарық көмек жіберді…. ал әскери көмек туралы ресми ақпарат жоқ", деп жазды оқырмандар.


 

Қазақстан Ресейге әскери көмек жіберді ме? Украиндар жіберді деп жатыр. Ресей әскерінің орналасуы туралы спутниктік…

Posted by Yerzhan Abdraman on Thursday, March 3, 2022

 

Соңғы жаңалықтар