Жарияланды: 810

Қазақстан Республикасы парламентінің делегациясы Швейцария Конфедерациясының Женева қаласында 119-шы Парламентаралық Одақ Ассамблеясында атқарылған шараларға қатысты

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бастаған Қазақстан Республикасы парламентінің делегациясы Швейцария Конфедерациясы, Женева қаласында 119-шы Парламентаралық Одақ Ассамблеясында (ПОА) атқарылған шараларға қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан делегациясы Парламентаралық Одақ Ассамблеясының мамандандырылған жұмыс ұйымдары мен тұрақты комитеттерінің, Ассамблея басқарушы кеңесінің жұмысына қатысты. Делегация жетекшісі, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бірқатар ұлттық делегациялардың басшыларымен екі жақты кездесулер өткізді. Индонезия парламенті өкілдер палатасының төрағасы Агунг Лаксономен кездесуінде тараптар ПОА-ның іс жүргізуіндегі өзекті мәселелер мен екі жақты парламентаралық байланыстардың дамуының келешегі жайлы әңгімеледі. Өз кезегінде Қазақстан делегациясының басшысы пікір алмасушысын Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің жұмысымен және қазақстандық қоғамның даму басымдықтарының негізінен хабардар етті. Швейцария парламенті Контондар кеңесі төрағасының бірінші орынбасары А. Берсе мен Парламентаралық Одақтың бас хатшысы А.Джонсонмен кездесулерінде сұхбаттасушыларына "Еуропаға жол" атты мемлекеттік бағдарламаның ережелерімен, Қазақстан Республикасы парламентінің қызметімен, еліміздің ішкі және сыртқы саясаты дамуының негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен бірге Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық кандидатурасына қолдау көрсеткеніне Швейцария жағына ризашылығын білдірді. Қазақстан делегациясы жетекшісінің екі жақты кездесулері мен парламентаралық Одақ Ассамблеясының жұмысына Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі А.Жанқұлиев қатысты. 150 елден жиналған парламентшілер осы жолғы Ассамблеяда климаттың өзгеруі, дамудың тұрақтылығы, сөз бостандығы мен ақпарат алу құқы сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар ядролық сынақтарды тоқтату жайындағы Келісімдерді күшіне енгізумен қамтамасыз ету, ядролық қарулану мен қарусыздануды таратпау жүйесі қозғалысындағы парламентшілердің алатын рөлі сияқты тақырыптар талқыға салынды. Құрамында Қазақстан делегациясы бар "Еуразия" геосаяси тобының мәжілісінде парламентшілер Ассамблеяның күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Ассамблея жұмысы шеңберінде ҚР паралементі мәжілісінің депутаты Б.Баймағанбетова парламентші-әйелдердің үйлестіру комитетінің жұмысында Ассамблеяның күн тәртібінде талқыланған ПАО қызметінде саясатқа әйелдерді араластыру мәселесі бойынша талқылауға қатысты. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Б.Баймағанбетова Қазақстанның ядролық қарусыздануға қосқан үлесі мен құлшынысы жайында басқосуға қатысушыларға айтып берді. Делегация мүшесі Б.Баймағанбетова парламентші әйелдермен бірге ПАО төрағалығына кандидаттармен болған кездесулерге қатысты. 119-шы Ассамблея шеңберінде "Әйелдерге қатысты қысым жасаудың барлық түріне шектеу қою жөніндегі конвенцияны" жүзеге асыру мәселесіне қатысты семинарға депутат Б.Баймағанбетова қатысып, ҚР президенті жанындағы әйелдер ісі және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының атқарып отырған ісі мен алатын орны жайында және аталған Конвенцияны жүзеге асырудағы қазақстандық тәжірибе туралы баяндама жасады. ПАО-ның демократия және адам құқы мәселелері бойынша үшінші тұрақты комитетінің бірінші вице-президенті, Қазақстан делегациясының мүшесі Е.Жұмабаев, Ассамблея мүшелерінің сөз бостандығы мен ақпарат алуға құқылық жайындағы мәселені талқылаған отырысқа қатысты. Сондай-ақ, сенатор Е.Жұмабаев парламентшілерді ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған конференцияда қазақстандық парламентшілердің ақпарат алу мен қамтамасыз етудің ерекшеліктері жайынан хабар беретін баяндама жасады. Қазақстандық делегация мүшелері Б.Қонарбай, Б.Смаилов, А.Гусинскийлер аталған конференциялар мен 119-шы ПАО-ның ұйымдастырылған шаралары мен Бірінші және Екінші комиеттерінің сөзжарыстарына қатысты. Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселенің бірі ПОА Төрағасын сайлау болды. Сайлауға географиялық ротациясы бойынша Индонезия Парламенті Өкілдер Палатасының Төрағасы А. Лаксоно мен Намибия Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Т.Б.Гурирабаның кандидатуралары түсті. Сайлаушылардың дауыс беру қортындысы бойынша - Намибия Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Т.Б.Гурираба ПОА төрағасы болып сайланды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін