Қазақстан Республикасындағы соттар жұмысының жарты жылдық қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-15 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасындағы соттар жұмысының жарты жылдық қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасындағы соттар жұмысының жарты жылдық қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасындағы соттар жұмысының 2003-жылдың 6 айындағы алдын-ала жұмыс қорытындысы шығарылды. Қорытынды - істерді сотта жедел әрі сапалы қарау тенденциясының тұрақтанғандығын дәлелдеп отыр. Бұл туралы бүгін, 9-шілдеде Қазақстан Республикасындағы соттар жұмысының алғашқы жарты жылдық қорытындысына арналған кеңейтілген мәжілісте ҚР жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді.

  • 9 Шiлде 2003
  • 492
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, өткен мерзімде әділеттілік саласындағы екі маңызды көрсеткіш бойынша ілгерілеушілікке қол жеткізілген. Атап айтсақ, қылмыстық және азаматтық істер бойынша күшін жойған сот шешімдерінің үлес салмағы кеміп, соттарда іс қараудың шалымдылық деңгейі артты. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда процессуалдық мерзім жөніндегі талап бұзылған істер саны үш есе азайған. Осы орайда Қайрат Мәмидің айтуынша, жергілікті сот судьяларының айлық орташа жүктемесінің мөлшері жоғары қалпында қалып отыр. Республика бойынша орта есеппен бұл көрсеткіш бір сот төрешісіне шаққанда ай сайын 56 істен келеді.

Сонымен қатар мәжілісте атап көрсетілгеніндей, бүгінде азаматтар мен заңды тұлғалардың сотқа арыздану көлемі артып келеді. Мәселен, 2003-жылдың 6 айында жергілікті соттарға 438830 арыз бен іс келіп түскен. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 19 процентке артық. Сотқа келіп түскен әкімшілік істердің саны 60,7 процентке артты. Сотта ақырғы үкім шығарылып тәмамдалған істер саны 28,4 процентке көбейді.
ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, бүгінгі отырысқа қатысушылар сондай-ақ, Жоғары сот тарапынан жобаланған сот жүйесін жетілдіру бағдарламасының жобасын да сарапқа салды. Жобада сот жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған кешенді шаралар қарастырылған.