Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасымен кездесті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасымен кездесті

Астана. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Вашингтон қаласындағы Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы, профессор Фредерик Старрды қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік және даму мәселелері, Қазақстанның өңірдегі елдермен және АҚШ-пен ынтымақтастығының ахуалы мен перспективалары талқыланды.

«АҚШ әкімшілігі мен конгресі тарапынан ғана емес, сондай-ақ сараптамалық қауымдастықтықтың Қазақстанға деген қызығушылығының артуы біздің мемлекетіміздің өңірдегі көшбасшылық рөлін және оның өзекті халықаралық мәселелерді шешуге жәрдемдесудегі әлеуетін мойындап отырғанын айқындайды», — деді Қ.Саудабаев.

Мемлекеттік хатшы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірдегі және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі сыртқы саяси бастамаларының өзектілігі артып отырғанын атап өтті.

Профессор Ф.Старр Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналғанын атап өтті, оған республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайлануы дәлел.

«Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төарағалық ету құқығы — бұл қазақстандық дипломатияның және тұтастай алғанда, бүкіл елдің сіңірген еңбегі. Бұл мемлекетте қалыптасқан тұрақтылықтың арқасында мүмкін болып отыр. Қазақстан тек өңірде ғана емес, сондай-ақ күллі құрлықта маңызды рөл атқарады», — деді Ф.Старр журналистерге арналған брифингте.

Профессор Ф.Старр АҚШ-тағы өңірлік мәселелер мен саясат жөніндегі аса беделді америкалық сарапшылардың бірі. Ол басқаратын Орталық Азия және Кавказ институты (ОАКИ) 1996 жылы Джон Хопкинс университетінің аясында құрылды. Аталған Институт зерттеу жұмыстарымен айналысады, Орталық Азия мен АҚШ-тың саясаткерлері мен сарапшыларының пікірталас форумы болып тұрады, сондай-ақ атқарушы және заң шығарушы билік, АҚШ-тың іскерлер қауымдастығы үшін талдау бағаларын ұсынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті