Қазақстан Республикасының президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады

Қазақстан Республикасының президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7-9 қарашада Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Елбасының Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянмен, басқа да жоғарғы лауазымды тұлғаларымен келіссөздері жоспарланып отыр, деп хабарлайды агенттік ҚР СІМ-іне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2007
  • 399
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Марат Ілиясовтың бүгін өткен брифингте хабарлағанындай, келіссөздердің негізгі мазмұны екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер, соның ішінде Әмірліктердің Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы сен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметтеріне қатысуы болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының мүшелері әмірліктер тарапымен мұнай-химия, металлургия, газ өнеркәсібі және басқа да нақты инвестициялық жобалар бойынша келіссөздер өткізеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті