Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін жетілдірудегі басты басымдық - автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу - қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін жетілдірудегі  басты басымдық  - автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу - қорғаныс министрі

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін жетілдірудегі басты басымдық - автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу - қорғаныс министрі

АСТАНА. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін жетілдірудегі басты басымдық - автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2007
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Республикамыздың Қарулы күштерін жаңартудағы бірінші және ең басты басымдық біріккен автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу болып табылады»,- деді Д. Ахметов. Қорғаныс министрінің пікірінше, бұл жүйе «біздің әскери мекемеміздің іс-қызметінің басқару, командалық, командалық-штабтық және басқа қырларындағы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді».

«Бұл жүйе біздің Қарулы күштеріміздің әскери тәжірибесінің барлық қырларына біріктірілуге тиіс және де бұл бағдарлама жақын күндері жүзеге асады»,- деп қосты Д. Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті