Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, отырыста әскери дайындық және әскери тәртіп мәселелері қаралған. «Статистикалық көрсеткіштер биылғы жылы тәртіп деңгейі жалпы алғанда өскендігін көрсеткенмен, офицерлер арасындағы заң бұзушылықтар саны өскен», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Бұл жағдайды өзгерту үшін алқа мынадай шешім қабылдады: келер жылдың қаңтар айынан бастап офицерлер қайта дайындау курстарынан өтетін болады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, біраз офицерлер үстіміздегі жылдың қазан айында өткізілген әскери дайындықтың тексеру қорытындысы бойынша айтарлықтай жазаларға тартылған.
«Ал әскери дайындықтың қанағаттанарлықсыз нәтижесіне кінәлі тұлғаларға келер болсақ, ең бастысы тиісті қорытындылардың шығарылғандығында. Офицерлердің бірқатары жазаланды. Алайда мен олардың шын мәніндегі толғаныстарын және жағдайды түзеуге ұмтылыстарын көріп тұрмын. Жазалау барлық апаттардан қашу емес, бірақ біз, қалыптасқан жағдайдан кінәлі лауазымды тұлғалар тиісті сабақ алып, сәйкес қорытындынңы шығарылуын қалаймыз», — деді Қорғаныс министрі Даниал Ахметов.
Бұрын хабарлағанымыздай, еліміздің алты әскери бөлімшесіне тексеру жүргізілген болатын. «Нәтиже қанағаттанарлықсыз болып шықты. Сол кезде қорғаныс министрі әскери тәртіптің өрескел бұзылуына және Қорғаныс министрлігінің бірқатар құрылымдарының күдік ұялататын әрекетіне кінәлі офицерлердің тағдыры алқа отырысында шешілетіндігін мәлім еткен болатын», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті