Қазақстан сайлаушыларының 72,9 пайызы дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сайлаушыларының 72,9 пайызы дауыс берді

Қазақстан сайлаушыларының 72,9 пайызы дауыс берді

Қазақстан сайлаушыларының 72,9 пайызы дауыс берді.

  • 10 Маусым 2019
  • 6
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 18:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 72,9 пайызы сайлау бюллетендерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 81,  Ақтөбе облысы бойынша 84,1, Алматы облысы  бойынша 86,3, Атырау облысы бойынша 71,1, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 77,2, Жамбыл облысы бойынша 73,8, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,2, Қарағанды облысы бойынша 72,8, Қызылорда облысы бойынша 69,1, Қостанай облысы бойынша 81,1, Маңғыстау облысы бойынша 65,7, Павлодар облысы бойынша 73,1, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 75,7, Түркістан облысы бойынша 78,8, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 63,7, Алматы қаласы бойынша 49,2, Шымкент қаласы бойынша  63,6 пайыз дауыс берді", — деді Бақыт Мелдешов.

 

Соңғы жаңалықтар