Қазақстан шекарашылары 21 тонна контрабандалық ұнды өткізу әрекетіне тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шекарашылары 21 тонна контрабандалық ұнды өткізу әрекетіне тосқауыл қойды

Қазақстан шекарашылары 21 тонна контрабандалық ұнды өткізу әрекетіне тосқауыл қойды

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары 21 тонна контрабандалық ұнды өткізу әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 608
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша шекарашылар жасағы «Мырзакент» (Жетісай шекара отряды) шекара бекетінің учаскесінде 4 сағат 40 минутта «КамАЗ» көлігіне тиелген (21 тонна ұн) жүкпен Өзбекстанға бара жатқан екі Қазақстан азаматын қолға түсірді.

«Олар өткізу бекетін айналып өтіп, шекарадан заңсыз өтпекші болған. Қолға түскендер Жетісай қаласының қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына тапсырылды «, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шекара қызметінің берген ақпараты бойынша жыл басынан бері шекарашылар контрабандалық 95 тонна ұнды шегкрадан өткізудің 45 әрекетіне тосқауыл қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті