Қазақстан шекарашылары көне бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді
Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары 28 қазанда көне құнды бұйымдарды алып бара жатқан пойыз жолсерігін қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Ақтөбе шекара отрядының "Жайсан" шекаралық бақылау тобының шекарашылары Ташкент - Мәскеу бағытындағы пойыздың жолсерігі болып істейтін Өзбекстан азаматын ұстады.
"Одан контрабандалық жүк: алты медаль, 1800 - 1961 жылдар аралығындағы 133 монета мен алты көне икона секілді антиквариаттық бұйымдар алынды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, 29 қазанда Қостанай шекара отрядының "Тобыл т.ж." шекаралық бақылау тобының шекарашылары Астана - Киев бағытындағы пойзда декларацияда көрсетілмеген 8 мың АҚШ долларымен Қазақстан азаматын ұстады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін