«Дружба» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы Қытайға жол тартқан жүк құрамының пломбаланбаған вагонынан жалпы салмағы 650 кг құрайтын 24 түк ондатр терісін анықтады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
Контрабанда фактісі бойынша Алматы облысының құқық қорғау органдары хабардар етіліп, тексеру жүргізілуде.