Кездесу кеше Астанада өтті, деп хабарлады сейсенбіде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметінен.
Б.Обама көмекшісі сондай-ақ Қазақстан президентінің шетелдік инвестор кеңесінің 27-ші пленарлы отырысында жария еткен инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шараларына қызығушылық білдірді.
"С.Уолландер атап өткендей, Б.Обама әкімшілігі АҚШ іскерлік топтарымен оларды Қазақстанмен жұмыс істеуге бағыттау және ЭКСПО-2017 сияқты жобаларға тарту жөнінде тығыз ынтымақтасатын болады деп сендірді", делінген хабарламада.
Олар сондай-ақ халықаралық саясат пен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, оның ішінде Украинадағы жағдай, Ауғанстаннан коалиция әскерлерін әкету мәселесі бар", делінген онда.