Бұдан бұрын да хабрлағанымыздай, Конвенцияның басты мақсаты — кедендік тарифтерді белгілеу және халықаралық сауда-саттық статистикасын жүргізу үшін тауарларды классификациялаудың біртұтас жүйесін енгізу болмақ.
Тауар классификациясының, тауарды сипаттаудың және оларға код тағайындаудың сәйкестілік жүйесі — Бүкіләлемдік сауда ұйымы жасап шығарған айрықша маңызды құралдардың бірі болып табылады. Бұл жүйе әлемнің 180 елі мен экономикалық одағында пайдаланылып, дүниежүзілік сауда-саттықтың 98 проценттен астамын қамтиды. Қазақстанды аталмыш конвенцияға біріктіру — тауарларды классификациялауды жеңілдетіп, құжаттар үлгісін стандарттауға, сауда-саттық саясатын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Тауар классификациясының, тауарды сипаттаудың және оларға код тағайындаудың сәйкестілік жүйесі туралы халықаралық Конвенция мен оған қосымша хаттама тиісінше 1983-жылдың 14-маусымы мен 1986-жылдың 24-маусымында Брюссель қаласында рәсімделген.