«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық журналистер байқауы жеңімпаздарының есімі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық журналистер байқауы жеңімпаздарының есімі анықталды

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық журналистер байқауы жеңімпаздарының есімі анықталды

2020 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында өткізілетін «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық шығармашылық байқауының қатысушыларын онлайн марапаттау салтанаты өтті.

  • 9 Желтоқсан 2020
  • 49
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауы 2016 жылдан бастап тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын кеңінен тарату мақсатында өткізіледі. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы.

Салтанатты іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, байқау комиссияның төрағасы Әмірхан Рахымжанов ашты.

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауы биыл 5-рет өткізіліп отыр. Осы жылдар ішінде бізге 2,5 мыңнан астам шығармашылық жұмыс келіп түсті. Бұл – Қазақстанның барлық өңіріндегі журналистердің, сондай-ақ Әзербайжан, Германия, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Жапониядан келген БАҚ өкілдерінің материалдары. Журналистердің белсенділігі байқаудың барлық номинацияларында байқалады. «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Үздік телевизиялық материал», «Үздік радиоматериал», «Ғаламтор БАҚ-ғы үздік жарияланым», т.б. номинацияларға биыл 120-дан астам бұқаралық ақпарат құралдарынан 540-тан астам жұмыс ұсынылды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеялары мен бастамаларының маңыздылығы мен мәнін ашатын сапалы жұмыстардың саны артқаны бізді қуантады. Байқаудың ұйымдастырушылары ретінде конкурсқа белсене қатысқан барша Қазақстан мен шетел журналистеріне алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жаңа жарқын жеңістер мен табыстар тілейміз!»,— деп Ә.Рахымжанов марапаттау рәсімінде қатысушыларды құттықтады.

«Байқауға қатысушы елдер күннен-күнге артып келеді. Өзбекстан, Украина және Моңғолия елдерінің журналистері өте қызықты жазбалар әзірлепті. Тәуелсіздігіміздің өзекті мәселелері мен Елбасының егеменді ел құрудағы рөліне халықаралық БАҚ ерекше қызығушылық танытып отыр. Осы сәтті пайдаланып, журналистердің адал еңбегін атап өткеніміз жөн болар», –деп атап өтті Ә.Марғұланұлы.

«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша жүлделі орындар: 1 орын – Андрей Бузаров («Economistua.com» порталы, Украина), 2 орын – Раду Магдин (European Business Review, Румыния); 3 орын – «Хуш кўрдик» жобасының ұжымы («МY5» телеарнасы, Өзбекстан).

«Байқау жүлдегерлерінің қатарында болғаныма өте қуаныштымын, мен үшін, ұжымымыз үшін бұл – мерейлі марапат. Қазақстан мен Өзбекстан – мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі және ұлттық құндылықтары ортақ екі бауырлас халық. Біздің елдегі журналистердің жұмысы ұлтаралық достықты нығайтады, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың одан әрі табысты өркендеуіне үлес қосады. Бұл байқаудың бір құндылығы – әртүрлі елдердің және ең алдымен, Қазақстанның мәдениетіне тереңірек үңілу мүмкіндігінің берілуінде», –
деді «Хуш кўрдик» жобасының режиссері Отабек Қасымов.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» номинациясы бойынша жеңімпаздар: 1 орын – Оксана Мягких («Индустриальная Караганда» газеті), 2 орын – Айбек Тасқалиев («Ақтөбе» газеті), 3 орын – Игорь Прохоров («Казахстанская правда» газеті).

«Мен конкурсқа төрт жыл қатарынан үздік жұмыстарымды жіберіп, үмітімді үзген емеспін. Бүгін бірінші рет марапатқа ие болғаныма қуаныштымын, журналистік шығармашылығымның бағаланғанына ризамын. Мұндай беделді байқауға қатысу – журналист үшін үлкен абырой. Бұл жеңіс сүйікті мамандығымның келесі биік белестерін бағындыруға қанаттандырды», — деді Игорь Прохоров.

«Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша: 1-орын Айгүл Жүнісова («Хабар» телеарнасы), 2 орын – «Еуразия» бірінші арнасының ақпараттық бағдарламалар дирекциясының ұжымы, 3-орын Гүлназ Кәрімжанқызы («Қазақстан» РТРК, Атырау қ.).

«Үздік радиоматериал» номинациясында 1-орынды Ләззат Тиышбекқызы («Шалқар» радиосы), 2-орынды Гүлназ Айтқұлова («Астана» радиосы), 3-орынды Мұхамедияр Рашай («Qazaq radiosy») иеленді.

«Ғаламтор БАҚ-ғы үздік жарияланым» номинациясы бойынша 1-орынды Қанат Махамбет («Inbusiness.kz» АА), 2-орынды Алтынбек Құмырзақұлы («Қазақпарат» АА), 3-орынды Олжас Бейсенбаев («Қазақпарат» АА) алды.

Соңғы жаңалықтар