Жарияланды: 810

Қазақстан Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағындағы ахуалды тұрақтандыруға күш салады

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Е. Қазыханов жетінші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жұмысына қатысқалы келген Ливан депутаты Фуад Синьоремен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында халықаралық және аймақтық деңгейдегі түйткілдер талқыланды. Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде болып жатқан ахуалға тоқталған министр Е. Қазыханов, Қазақстан ИКҰ-ның Төрағасы ретінде араб елдеріне халықаралық және аймақтық шеңбердегі қауіпсіздіктің тұрақтануына және оны нығайтуға бар күшін салатындығын айтты. «Біз министр мырзамен бірге мемлекеттердің көпжақты әріптестігіне қатысты көптеген сұрақтарға, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономика саласы бағытында талқылаулар өткіздік. Қазіргі таңда Солтүстік Африкадағы және Таяу Шығыстағы ахуал тыныш емес, тіпті ушыққан күйде деп бағалауға болады. Министр мырзамен болған пікіралмасу процессінде осы түйткілдерге назар аудардық», - дейді Ф. Синьоре. Әңгімелесуші тараптар ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тұсында және Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалығы кезінде Астанада өтіп жатқан «Ислам Давосының» өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін