Қазақстан Тәжікстанды сенімді стратегиялық әріптесі әрі одақтасы деп таниды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Тәжікстанды сенімді стратегиялық әріптесі әрі одақтасы деп таниды

Қазақстан Тәжікстанды сенімді стратегиялық әріптесі әрі одақтасы деп таниды

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Тәжікстанды сенімді стратегиялық әріптесі әрі одақтасы деп таниды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тәжікстанның төтенше және өкілетті елшісі Бахром Холназаровтың сенімхатын табыс ету рәсімінен кейін атап өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 11 Қазан 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде біздің ынтымақтастығымыздың нақты бағыттары гидроэнергетика, құрылыс, көлік және коммуникациялар, тау-кен өнеркәсібі және аграрлық салалардағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруда дамып отыр», — деді президент. «Біздің елдеріміз ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы шеңберіндегі аймақтық қауіпсіздік пен интеграциялық мәселелелер бойынша табысты ықпалдастық орнатқан», — деді ол.

«Өзара қарым-қатынастарымыздың келешегін бағалай отырып, бүгінде біздің елдерімізде сауда-саттық, мұнайгаз саласы, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастықтың әлеуеті үлкен екенін атап өткім келеді», — деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті