"Қазақстан" телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан" телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус табылды

"Қазақстан" телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус табылды

"Қазақстан" телеарнасында 24 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының Алматы филиалында бір адам індетке шалдыққан

  • 8 Маусым 2020
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы sputniknews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

 "Қазақстан" телерадиокешені мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

"Қазақстан" ТРК-де коронавирус инфекциясының 24 жағдайы тіркелді. Кәсіпкерлер палатасында ауру таралған жоқ, тәжірибеден өтіп жатқан бір адамнан инфекция табылды", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алматыдағы "Қазақстан" ТРК Желтоқсан көшесі, 177 мекенжайында, Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан.

Санитар дәрігерлер "Қазақстан" ТРК-дағы науқастар қызметкерлерге аудандық басқармамен бірлесіп профилактикалық тексеру жүргізу кезінде анықталғанын жеткізді.


COVID-19 жұқтырғандармен, сондай-ақ байланыссыз науқастармен тікелей қарым-қатынас жасаған барлық адам тексерілді, деп нақтылады ведомство.

Сонымен қатар, "Қазақстан" ТРК-мен бір ғимаратта орналасқан және кіреберісі ортақ "Еуразия бірінші арнасының" қызметкерлері де тексеруден өтті.

Еске сала кетейік, 21 мамырда елордадағы "Қазмедиа орталығында" жұмыс істейтін "Еуразия" телеарнасының екі қызметкері коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар