«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Қорқыт» тарихи телехикаясына кастинг жариялайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Қорқыт» тарихи телехикаясына кастинг жариялайды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Қорқыт» тарихи телехикаясына кастинг жариялайды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түркі елдеріне ортақ аңыз тұлға, ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата туралы телехикая түсіреді.

  • 30 Шiлде 2022
  • 63
Фото - Caravan.kz

Осы орайда тарихи тұлғаның аңыз-әфсанаға толы өмірі мен шығармашылығы туралы 4 бөлімнен тұратын көркем туынды актерлеріне кастинг жарияланады. Телехикаяға өнертанушы, этнограф Берік Жүсіпов кеңесшілік етеді. Жоба продюсері — Шолпан Батырбаева.

Кастингке:
Басты кейіпкер Қорқыт рөліне 15 пен 40 жастағы ер-азаматтар;
Қарт Қорқыт рөліне 70 жас шамасындағы ер адам;
Сондай-ақ қосалқы рөлдерге 25-40 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео, фильмография) 2022 жылғы 15 тамызға дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс.


Қосымша ақпарат: +7 777 022 13 22.