Қазақстан темір жолы шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.65
  • 544.6
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан темір жолы шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді

Қазақстан темір жолы шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді

ТХКБ бағыты бойынша Қазақстан арқылы Қытайдан Түркияға шаттл-пойыздармен гуманитарлық жүктері бар 200 контейнер жеткізіледі.

  • 11 Сәуiр 2023
  • 228
Фото - Caravan.kz

Қазақстан арқылы жедел жеткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.  Қазақстан аумағы бойынша пойыз рекордтық қысқа мерзімде – 90 сағатта жүріп өтеді.

Бірінші пойызда жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыруға арналған шатырлары бар елу 40 футтық контейнер. Тағы 150 контейнер жөнелтіледі деп жоспарлануда. «KTZ Express» АҚ шаттл-пойыздардың операторы болып табылады.

Шаттл-сервистің пайда болуымен ҚХР-дан Грузия порттарына дейін жүктерді жеткізу мерзімі үш есеге – 18 тәулікке дейін, Түркия порттарына – 25 тәулікке дейін қысқарды. Қазақстан аумағы арқылы жүк Каспий теңізіне (Ақтау порты), одан әрі Әзірбайжан, Грузияға Мерсин қаласына (Түркия) дейін жеткізіледі.


Бұл тасымалдауды ТХКБ маршрутына қатысушы тараптар Түркияға гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде өтеусіз негізде жүзеге асырады.